Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Бас прокурордың 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов  қызметінен босатылды.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды.

Коллаж: Kazinform/gov.kz

Бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.