«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды.
Бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.