Тиісті хабарландыру облыстық мәслихаттың сайтында жарияланды. Онда Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтеніні жазылған.
Жиын 4 қыркүйек сағат 10:00–де Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі 13/1 мекенжайындағы мәдениет үйінде өтеді.
Айта кетейік, 2022 жылдың маусым айынан бері Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімінің қызметін атқарып келеді.
Еске салайық, бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте елде Үкімет құрамы жасақталды. Министрлердің біршамасы бұрынғы қызметтерінде қалды. Жаңа тағайындаулар қатарында Әлібек Қуантыров бар. Ол Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
Ал Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
Сондай-ақ Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.