Алматы облысында 10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адам ұсталды

Алматы облысының полицейлері кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Алматы облысының полиция департаменті хабарлағандай, 17 қазан күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.