Алматы облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды

Фото: pexels.com

Алматы облысы полицейлері 11 күн бұрын жоғалып кеткен 33 жастағы әйелді тапты, деп хабарлайды Kazinform. 

2023 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы аумақтық Полиция басқармасына із-түзсіз жоғалған 1990 жылы туған Мөлдір Әбдіманапованың туыстары хабарласты. 

Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

«Арыз бірден Кеген ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, барлық қажетті іздестіру шаралары басталып кетті», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Қабылданған шаралардың нәтижиесінде жоғалған әйелдің мекенжайы анықталып, облыстық полиция қызметкерлері оны жақын туыстарына тапсырды.

«Сонымен қатар, азаматша А-мен. профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп атап өтті полковник Б. Әленов.