Департамент мәліметіне сәйкес, өңірде 361 мыңнан аса азаматтың тек 67 пайызы, яғни 242 мың азамат міндетті декларацияны өткізген. Олжас Асангелдіұлы өңірде декларациялауды толық қамту үшін кірістер департаменті 10 мыңнан астам түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін, алайда оған қарамастан бұл жұмыс баяулап тұрғанын атап өтті.
- Декларацияны ұсынбағандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту берілсе, екінші ретінде 15AEK, толық емес мәліметтерді көрсеткені үшін 3 AEK мөлшерінде айыппұл салынады, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы кәсіпкерлердің тек 42%-ы тиісті декларацияны тапсырғанын жазғанбыз.