Алматы облысында 15 жастағы қызды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Фото: Фото: Kazunform

  Алматы облысының полицейлері Ұзынағаш ауылында кәмелетке толмаған қызды пышақтап кеткен күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше,12 қазан күні таңғы сағат 6:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ұзынағаш ауылының 15 жастағы жергілікті тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабарлама келді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігімен аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта фактіні тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.