Алматы облысында 19 бала тәрбиеленген заңсыз медресе анықталды

Фото: Фото: UzNews.uz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады. 

– Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның тумасы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ «Iphone» маркалы ұялы телефон және «HP» маркалы ноутбук тәркіленді. Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық бала ата-аналарына қайтарылды, - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қарулы қақтығысқа қатысқан күдіктілер ұсталғанын жазған едік.