-Өртті сөндіру жұмыстары батпақты әрі жетуі қиын жер бедеріне, сондай-ақ өрт ошағына апаратын жолдардың болмауына байланысты қиындады. Өрт сөндіру және ауыр техниканың өрт ошағына жетуін қамтамасыз ету үшін кірме жол салынды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, Шелек орман шаруашылығының мамандары және «Қазавиаспас» АҚ тікұшақтарының экипаждары жұмыс істеді,-делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге барлығы 90-ға жуық адам, 30 - дан астам техника және «Қазавиаспас» АҚ екі тікұшағы жұмылдырылды. Әуе кемелері 55 рет су төкті.
110 гектар аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Осыған дейін ШҚО-да 20 гектарға жайылған орман өрті оқшауланғаны туралы жаздық.