Алматы облысы прокуратурасы Енбекшіқазақ ауданындағы жалпы ауданы 54 мың гектардан асатын 120 жайылымдық жердің белгіленген мақсатқа сай пайдаланылмайтынын анықтады.
«Бұл меншік иелері мен жер пайдаланушылардың малы жоқ, сондай-ақ, бұл жерлер азаматтар мен мемлекетке ешқандай пайда әкелмеген деген сөз. Соның нәтижесінде прокуратураның іс-шараларымен 180 млн теңгеге 18 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, прокуратурада қалған жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда, қазір ол соттың қаралуында екенін хабарлады.