Ведомстводан мәлім еткендей, қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды.
Олар сегіз су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындамаған. Атап айтқанда, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген. Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға кері әсер етуі мүмкін.
– Қабылданған шаралардың арқасында жауапсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды. Ал құны 20 млрд теңгеден асатын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Алматы облысында 967 қараусыз қалған нысан мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы жазған едік.