Алматы облысында 9 сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден екі адамды аман алып шықты
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында 9 сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден зейнеткер мен оның немересін алып шықты.
Өңір әкімдігінің мәліметінше, 4 маусым күні Боралдай кенті, №39 гимназияның 9 сынып оқушысы Қамитбек Ихсан, аталған ауылдың Найзашоқы көшесінде тұратын досының үйіне келе жатып, Найзашоқы көшесі, №11 үйдің өртеніп жатқанын көреді.
«Ихсан, ойланбастан өрт шыққан үйге кіріп, өрт күйшеймей тұрғанда 63 жастағы зейнеткер мен оның 12 жастағы немересін сыртқа алып шықты. Кейін оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырған. Баланың бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді, осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына және ұстаздарына мың алғыс. Ихсан – бүгінгі күннің батыры», - деп атап өтті әкімдіктен.
Еске салайық, былтыр қараша айында Өтеген батыр ауылындағы №24 лицейдің 8 сынып оқушысы Герой Ақжол № 219 автобусты тоқтатып, жолаушыларды аман алып қалған болатын.