Алматы облысы ТЖД мәліметінше, 1981 жылғы әйел мен оның 2015 жылғы баласы Талғар өзенінің жағасына барған. Демалыс кезінде олар суға құлап, ағыс алып кеткен. 22 маусым күні сағат 15:55-те Талғар ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Маралсай шатқалында құтқару-іздеу жұмыстары басталған.
- Сағат 18:35-де Республикалық жедел- құтқару жасағының құтқарушылары судан әйелдің мәйітін шығарды. Өзен жағасында баланы іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған, - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында құдыққа құлаған қыз бен оны құтқармақ болған ер адам қаза тапты.