Алматы облысында аудан әкімі жауапқа тартылды

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: ҚазАқпарат

Мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған үміткерді қызметке алғаны анықталды.

«Салдарынан аудан әкімі ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы («Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Істі қарау барысында әкім кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде әкімге 50 МРП (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.