Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 819 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,6%-ға жоғары. Қазіргі уақытта 110 қылмыстық іс аяқталып, 83 іс сотқа жіберілді. Құқық қорғау органдары жәбірленушілерге 10 864 000 теңге қайтарған.
«Жыл басынан бері осындай 5 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Соңғы тексерулер барысында Қонаев қаласы мен Іле және Қарасай аудандарында заңсыз темекі және электронды темекі (вейптер) айналымының үш фактісі анықталды», – деді Нұржан Кеңесханұлы.
Еске салайық, Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылған болатын.