Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері 44 елді мекенді қамтитын жаңа 17 автобус бағыты іске қосылған. Осы бағыттар бойынша күнделікті орта есеппен 5 мыңнан астам жолаушы тасымалданады деп жоспарланған.
Сондай-ақ Ермек Баймұхамбетов Алматы облысында жөндеу жоспарланған 137,4 шақырым жолдың 85%-ы орындалғанын атап өтті.
- Жалпы қазіргі уақытта 14 жоба аясында 129 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу және 8,4 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, "Қапшағай – Бақанас – Қарой", "Екатеринбург – Алматы" бағыттары және басқа да ауылдарға кіреберіс жолдарда асфальт жабындысы толықтай жаңартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Мысалы, "Шелек – Сарыбұлақ – Ақтұған" бағытында 16,4 шақырым жол жөнделді. Жыл соңына дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін 93%-ке жеткізу жоспарланып отыр, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында итті көлікпен сүйреген адамның үстінен іс қозғалғанын жазғанбыз.