Облыстық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, тиісті басқарма қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.
«Аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктері кезекшіліктер ұйымдастырып, «Алатау жарық компаниясы» АҚ энергия тасымалдаушы ұйымының барлық авариялық-қалпына келтіру жасақтары, күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады әкімдіктен.
Қазір «Алатау жарық компаниясы» АҚ үзілген электр желілерін жөндеп жатыр.
Жағдай тұрақты бақылауда.