Қонаев қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлмира Таныбергенқызының айтуынша, полиция қызметкерлері дағдарыс орталықтарымен бірлесе жұмыс істейді. Облыста төрт дағдарыс орталығы бар, олар арқылы биыл 212 адам, оның ішінде 53 әйел және 159 бала көмек алды.
Ал Алматы облысының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Нұрхан Абдрахманов жәбірленушінің арызы болмаса да қазіргі уақытта зорлық-зомбылыққа қатысты іс қозғалатынын атап өтті.
«Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты іс қозғау үшін жәбірленушінің арызының болуы міндетті емес. Бұл қадам зорлық-зомбылықты ертерек анықтап, құрбандарға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді», — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда биыл әйелдерге қатысты 7 мың қылмыс тіркелгенін жазғанбыз.