«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын шараға Ұлттық парк қызметкерлері, орманшылар, қорықшылар, қоғам белсенділері, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен тұрғындары түгел атсалысады.
Алматы облысында оннан астам туристік дестинация және жүзден астам танымал туристік бағыт бар.
Үш күндік мерекелік демалыста тау-тасқа, өзен-көлдер мен табиғат аясына баратын саяхатшылар саны артады.
Сондықтан қонақтардың табиғатты ластамай, қоқысты белгіленген орындарға жинап кетуі өлке тазалығы үшін аса маңызды. Әсіресе туристік аумақтардың тазалығына ерекше ден қойылып отыр.
Осы орайда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев туған жердің табиғатын аялап, тұрғындар мен қонақтарды «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырды.