Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.
Прокуратураның мәліметінше, Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы бас маманы өзінің қызметтік жағдайына сілтеме жасап, кәсіпкерлерге мемлекеттен жер учаскесін алуға көмектесетінін айтып сенімдеріне кірген.
«Осылайша, ол кәсіпкерлерден жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген», – деп хабарлады прокуратура.
Аталған дерек бойынша 2026 жылғы 19 мамырда Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық істі тергеу Кеген аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Айта кетейік, Алматы облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 518 жалған хабарландыру бұғатталды.