«Көмекке республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар зардап шегушіні арқан және зембілдің көмегімен алып шықты»,- делінген хабарламада.
Ер адам оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Бұған дейін республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда адасып қалған үш қызға көмектескен болатын.
«РЖҚЖ құтқарушылары өтініш берушілерден Жапония жолының ауданына қарай геолокация бойынша шақыруға шықты. Үш қызды тапқаннан кейін жедел құтқару тобы оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті. Оларға медициналық көмек қажет емес еді», - делінген еді хабарламада.