Алматы облысында ер адам әйелін ұрып-соғып, мұрнын сындырған

Фото: Kazinform

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында ер адам әйелін үйде аяусыз ұрып-соққан.

Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Шелек ауылында болған. Жантүршігерлік бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. 

Алматы облысының полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

— Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде болған оқиғаның мән-жайларын объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін әйелді баспалдақтан итерді деп күдікке ілінген Амантай қажыға іс қозғалғанын жазғанбыз.