Алматы облысында ерлі-зайыпты зейнеткерді өлтіруі мүмкін күдікті іздестіріліп жатыр
13:50, 07 Тамыз 2025
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Талғар ауданында тұратын егде жастағы ерлі-зайыптының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
- Күдіктінің кім екені анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Іске байланысты тәжірибелі мамандары бар арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, - деп хабарлады департаменттен.
Күдікті туралы мәлімет пен оның суреті әлеуметтік желілерде жарияланды.
Еске салайық, бұған дейін Үш жыл бұрын адам өлтірген күдікті Алматыда ұсталғанын жазғанбыз.