Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының мәліметінше, белгісіз тұлғалардың заңсыз әрекетінен зардап шеккен азамат стационарға шұғыл түрде жеткізілген. Пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланды.
Тексеруден кейін ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оған бет-сүйек қаңқасының Ле Фор I және II типі бойынша көптеген сынықтары, бет-ұрт кешенінің екі жақты зақымдануы, мұрын сүйектері мен пердесінің, сондай-ақ көз ұясы қабырғалары мен жоғарғы жақ сүйек қуыстарының сынуы деген диагноз қойды. Компьютерлік томография сүйек сынықтары мен көптеген жарақаттарды растады.
- Бет-сүйек қаңқасына ашық репозиция және остеосинтез жүргізілді. Хирургтар жоғарғы жақ сүйегі мен бет-ұрт кешені элементтерінің анатомиялық орнын қалпына келтірді. Хирургиялық араласу сүйек құрылымдарын бекітуге, өмірлік маңызды функцияларды қалпына келтіруге және ықтимал асқынулардың қаупін азайтуға мүмкіндік берді, – деп хабарлады ауруханадан.
Қазіргі уақытта пацент мамандардың тұрақты бақылауында. Жағдайы тұрақты деп бағаланған, терапия жоспарлы режимде жалғасып жатыр.
Еске салайық, Атырауда алғаш рет ер адамнан микро-ТESE операциясы арқылы ұрық алынды.