Алматық облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокурорлық сүйемелдеу аясында бақылау-қадағалау органдары жүргізген 6 заңсыз тексеру мен салынған 3 әкімшілік айыппұлдың күші жойылды. Сонымен қатар инвесторларға 4 жер учаскесі беріліп, электр желілеріне қосылуға 2 техникалық шарттың рәсімделуі қамтамасыз етілді.
Инвесторларға әкімшілік кедергі келтіргені үшін 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратураның қабылдаған шараларының нәтижесінде 100-ге жуық инвестор Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілді. Бұл оларға прокурорлық қорғау тетіктерін, оның ішінде «прокурорлық сүзгіні» қолдануға мүмкіндік береді.
-Есепті кезеңде прокуратура инвесторларға қатысты 3 тексеруді, 10 әкімшілік хаттаманы және 11 шектеу сипатындағы шараны келісуден бас тартты. Сонымен қатар мемлекеттік органдар прокурормен келісілмей сотқа берілген 2 талап-арызды кері қайтарып алды,-делінген хабарламада.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Осыған дейін Шымкентте инвестордың құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылғаны туралы жаздық.