Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Кендала ауылында болған. 112 пультіне кафеге жапсарлас салынған кәуапхананың өртенгені туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына құтқарушылар жедел жіберілген.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жалынның кафе ғимаратына таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіру барысында қауіпті аймақтан бес газ баллоны шығарылып, олардың жарылуының алдын алдық», – деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар 50 шаршы метр аумақты шарпыған өртті 22 минут ішінде толық сөндірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, Павлодарда өртеніп жатқан үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды.