Алматы облысында қар барысы мен сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
13:20, 08 Шілде 2025
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Фототұзақ объективіне Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануарлар түсіп қалды.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында арнайы орнатылған фототұзаққа қар барысы түсті.
— Қар барысы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және жойылып бара жатқан түрлердің қатарына жатады. Оның табиғи ортада кездесуі экожүйенің тұрақтылығын және жүргізіліп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін дәлелдейді, — делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жазбасында.
Сондай-ақ «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні ілінді.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық парктегі фототұзақтар қалай орнатылатынын жазғанбыз.