Алматы облысы ТЖД мәліметінше, бүгін сағат 06:05-те облыстық маңызы бар «Түрген – Батан» автожолының 22 және 23 шақырымы арасында қар көшкіні жүрді. Көлемі - 200 текше метр. Көшкін салдарынан зардап шеккендер жоқ.
- Түрген өзенінің арнасында су еркін өтіп тұр. Жағдайды бағалау және жолды тазарту үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазселденқорғау» мекемесінің 2 маманы мен 1 техникасы жіберілді. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушілерге жағдайды ескеріп, көрсетілген маршрут бойынша жүруден уақытша бас тарту ұсынылады, - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүргенін жазғанбыз.
Сондай-ақ Шымбұлақта шаңғышылар кесірінен қар көшкіні жүрген болатын.