Қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған.
«Қазақтелеком» АҚ ұжымы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұм баланың ата-анасы мен туған туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады. «Қазақтелеком» қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір», — деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ компаниясы. Компания аталған трагедияға қатысты кінәлілер жауапқа тартылатынын алға тартып отыр.
«Қазіргі уақытта жазатайым оқиға орнында ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, мән-жайлар мен электр беру кабелінің үзілуіне жол берген адамды анықтауда. Компания барлық мүдделі тараптармен бірге алдын ала шығарылатын қорытынды шешімді күтіп отыр», — делінген хабарламада.