Алматы облысында қыздар арасындағы төбелес бейнежазбаға түсіп қалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Жанжал бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Онда жасөпірім қыздардың бір-біріне қол жұмсағанын көруге болады. Желідегі мәліметке сәйкес кикілжің Қаскелеңдегі кәсіптік-техникалық колледжде болған.
Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, 24 сәуір күні Қарасай ауданының білім беру мекемелерінің бірінде болған оқиғаға қатысты барлық жасөспірімдер дереу анықталған.
- Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіруге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, Алматы облысында жасөспірім әлімжеттік жасағанын жазғанбыз.
Сонымен қатар Алматы облысында бір адамды жабылып ұрған күдіктілер іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.