Өрт сөндірушілер жолаушылар автобусындағы өртті сөндірді
«Алматы облысы Байсерке ауылында қоғамдық көліктің жануы орын алды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады.
«Жолда көлігіңіз өртеніп бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз», — деп ескертті мамандар.