— Өрт аумағы 400 шаршы метрді құрады. Өрт оқшауланды. Оқиға орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылып, арнайы техниканың көмегімен аумақты қалпына келтіру және өрт ошақтарын топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қазір өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Осыдан бұрын Ақтөбеде қоқыс полигонынан өрт шыққанын жазғанбыз.