ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Осы жылдың басынан бері Алматы облысында көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Вакцина алмаған 5 жасқа дейінгі балалар арасында 11 зертханалық расталған жағдай тіркелді.
«Көкжөтел жұқтырған 11 баланың, жетеуінде медициналық қарсы көрсетілімдер болды. 3 сәбидің анасы жоспарлы вакцинациядан бас тартқан. Бір жағдайда – бала жасына қарай жоспарлы егуге жатпады»,- деп атап өтті департаменттен.
Эпидемиологтар балаға көкжөтелге қарсы жоспарлы екпелерді тұрғылықты жері бойынша 3, 4, 5 және 6 айында емханада тегін алуға болатынын еске салды.
«Ал, 18 айы мен 6-7 жасында ревакцинация жасалады. Алғашқы 4 вакцинация иммундық жауаптың пайда болуына ықпал етеді»,- деп атап өтті ведомстводан.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.