— 2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 22:00–де Алматы облысының республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» км. 25-67 (Ақы алу пункты — Қонаев қаласына дейін.) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
2025 жылғы 1 қантар сағат 02:00–те жолды ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» 2025 жылы жөндеуден өтетін республикалық жолдарды атады.