— 2025 жылғы 3 наурызда сағат 18:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Алматау турбазасына кіреберіс» автожолының 0-15 шақырым аралығында (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 4 наурыз сағат 12:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы жолға қатысты қосымша ақпарат алуға болады.
Осыған дейін ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы республикалық жолдар жабылғаны айтылды.