Алматы облысында көлікпен соқтығысып, кейін жаяу жүргіншілерді басқан жүргізуші ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Видеодан Хонда маркалы көліктің Тойота маркалы көлікпен соқтығысып, жол жиегіне шығып, онда кетіп бара жатқан жасөспірімдерді басып өткенін көруге болады. Желіде оқиға Алматы облысы Көксай ауылында болған айтылған.

Алматы облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты әрі объективті анықтауға және заңнама талаптарына сәйкес түпкілікті процестік шешім қабылдауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданды, — деп хабарлады департаменттен.

Сондай-ақ желідегі жүргізушінің оқиғаны орнына кетіп қалған туралы ақпарат расталған жоқ. Ал оның масаң күйде болғаны не болмағаны жүргізілген экспертиза нәтижесіне байланысты белігі болмақ.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында кортеж қатысушыларына 600 доллар ұсынған жігіт қамалды.