Атап айтқанда, өңірдегі көшкін қаупі бар учаскелерді зерттеу мақсатында Ұзынқарғалы, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері, Талғар, Есік, Түрген, Іле Алатау жотасы бойынша аэровизуалды тексеру жүргізілді.
— Қайғылы жағдайлардың қаупін азайту мақсатында өзендер мен автожол арналарының қауіпті учаскелерінде 16 ақпараттық қалқан мен ескерту белгілері орнатылды, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көшкін қаупі бар кезеңде 11 адамнан тұратын жедел штаб құрылып, бекітілген. Сондай-ақ, 12 адамнан тұратын авариялық-механикаландырылған бригаданың құрамы мен 7 бірлік арнайы және 4 бірлік жедел мобильді техника жасақталған. Қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында жағдай тұрақты.
Еске салайық, бұған дейін Ақсайда тұрғын үйдегі өрт салдарынан 2 бала, 1 әйел жансақтау бөліміне жатқызылғанын жазғанбыз.