Алматы облысында Көшпенділер қаласы төңірегінен 65 тонна қоқыс шығарылды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Қонаев қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында «Тамғалы тас» тарихи аймағы мен «Көшпенділер қаласының» төңірегіне сенбілікке шықты. Шараға 150-ден астам адам қатысты, 5 техника жұмылдырылды.
- «Таза Қазақстан» бағдарламасы жыл басынан жалғасып келеді. Барлық сенбілікке атсалысып жүрміз. Мұнда байқағанымыздай, стихиялық қоқыс орындары да көп екен. Халықтан балық аулап, табиғат аясында демалған соң, қатты тұрмыстық қалдықтарын тастап кетпеуді сұраймыз. Мәдениет - өзімізден басталады, - деді қала тұрғыны.
Жалпы сенбілік нәтижесінде 60 тонна қоқыс шығарылды. Оның барлығы полигонға жеткізілді.
Еске салайық, бұған дейін көріктендіру төлқұжатына қарай Алматыда ғимарат иелері тазалыққа жауапты болатынын жазғанбыз.