Алматы облысында қойма өртенді

Фото: Фото: Алматы облысы ТЖД

ҚОНАЕВ.KAZINFORM — Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, қоймада азық-түлік өнімдері мен автокөлік майлары сақталған. Жалын жалпы ауданы 600 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 34 қызметкері және 13 техникасы, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылған.

— Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау бүкіл қойма аумағына және жанында орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 17:17–де оқшауланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы облысының құтқарушылары өнеркәсіптік нысандар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігін еске салады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қоймаларында өрт фактілері неліктен көбейгенін жазғанбыз.