Алматы облысында күн 38 градусқа дейін ысиды

Фото: Фото: Euronews

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алдағы аптада Алматы облысында аптап ыстық болады. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына үндеу жолдады.

— 12–17 мамыр аралығында Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 25-30°С-тан 33-38°С-қа дейін көтеріледі, — делінген хабарламада.

Осы демалыс күндері Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, 11–17 мамыр аралығында Қазақстанның оңтүстік жартысында және орталығында күн қатты ысиды.

Осыған дейін, бүгін ел аумағында жел күшейіп, дауыл соғатыны туравлы жазған едік.