Алматы облысында құтқарушылар аулаға кіріп кеткен жыландарды ұстап алды
20:30, 22 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында 112 желісіне жеке тұрғын үйдің ауласында бауырымен жорғалаушылардың жүргені туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен 5 рептилияны ұстап алып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен алыс қауіпсіз жерде жіберді.
ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Оны өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Айта кетелік Шымкентте жылан көбейіп кеткені туралы жазған едік.