Алматы облысында ілбіс фототұзаққа түсті

Фото: Фото: yandex.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Алматы облысында ілбіс (қар барысы) фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жыртқыштар «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде байқалды.

Қар барысы — ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың «қар барысы» деп аталуы бекер емес: ол таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі.

Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген. 

Осыған дейін Катонқарағайда екі аланын ертіп бара жатқан ілбістің фототұзаққа түсіп қалғаны туралы жаздық.