«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінің мәліметінше, су жол үстімен шамамен 15–20 минут бойы аққан көрінеді.
— Соның салдарынан ұзындығы 40–50 метр учаскеде жол жиегінің бір бөлігі шайылды. Қазіргі уақытта жол үстімен су ағуы тоқтатылып, су кювет арқылы ағызылып жатыр. Су өткізу құбырлары мен көпір құрылыстары қалыпты жұмыс істеп тұр. Шайылған жол жиегін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Алматы облысында су деңгейінің көтерілуіне байланысты «Түрген — Асы» автожолының екі учаскесін су шайып кеткенін жазған едік.