Алматы облысында оқушылар бояу иісінен уланып қалды: Әкімдік түсінік берді

Фото: freepik.com

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі ауыл мектептерінің бірінде сабақ уақытында уланған бес бала туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы мектептердің бірінде оқу жылы аяқталмай жатып, кабинеттердің сырланғаны туралы және бояу иісінен 5 оқушы уланып, ауруханаға түскені жайында ақпарат пайда болды. 

Талғар аудандық білім бөлімі 16 сәуір күні сағат 16:20–да екінші сабақта 7-сынып оқушысы денсаулығына шағымданғанын хабарлады. Дәрігерлік амбулатория дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оқушыны анасымен бірге оны Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы облыстық балалар ауруханасына жіберді.

«Дәрігерлер оқушыны тексеріп, анализдер алып, ЖРВИ диагнозын қойды. Оқушының уланғаны расталмады. Бұл ретте бояу иісінен зардап шеккен бес бала туралы ақпаратта шындыққа жанаспайды», — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Әкімдіктен 12 сәуір күні Жалғамыс ауылындағы № 15 мектепте сабақ біткеннен кейін бір сыныптың қабырғасы, едені мен парталары, сондай-ақ қабылдау бөлмесі мен директор кабинетінің едендері сырланғанын атап өтті. Мектеп кабинеттерін сырлау демеушілік қаражат есебінен жүргізілді.

«Мектепке жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстары оқу жылы аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Осы талапты орындамаған мектеп директорына „сөгіс“ түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл мәселе білім басқармасының қатаң бақылауында», — деп толықтырды ведомстводан.