Алматы облысында орманшы ер адамды атып жіберді
18:08, 08 Сәуір 2025
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында аңшы ер адамның аяғынан атып жіберді.
Облыстық полиция департаменті аталған жағдайды растады.
— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Денсаулыққа ауырлығы орташа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал тараптар арасында пайда болған жағымсыз қарым-қатынас негізінде туындаған,— деп атап өтті ведомстводан.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматы облысында атыс болып, үш адам зардап шеккен еді.