Алматы облысында өрт толығымен сөндірілді

Фото: Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қарасай ауданындағы Орта Қырғауылды шатқалындағы 8 гектар аумақта өртенген құрғақ шөп сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

— Өрт 8 гектар алаңда сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстары қиын таулы жер бедерімен, өрт ошағына апаратын жолдардың болмауымен күрделене түсті. Барлық жұмыс жаяу жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ, — делінген министрлік хабарламасында. 

Өрті сөндіруге жеке құрамнан 84 адам және 17 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. 

Айта кетелік Алматы маңындағы таулы аймақта құрғақ шөп өртенгені туралы хабарлаған едік