Алматы облысында пластикалық терезе шығаратын цех өртенді
14:07, 10 Сәуір 2024
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Талғар ауданында пластик терезелер шығаратын цех өртенді.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін Талғар ауданында пластикалық терезелер шығаратын цех отқа оранды. Өрт 78 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады департаменттен.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Бұған дейін Астанада қойма өртенген болатын. Онда резеңке бұйымдар жанған еді. Өрт аумағы шамамен 1 000 шаршы метрге жайылды.