Әлеуметтік желіде полиция қызметкерін өлтіріп, мәйітін өртемек болғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады.
- 23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды, - деп хабарлады полициядан.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде марқұмның жұбайы мен ұлы күдікті ретінде ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Өскеменде сауда үйінің маңынан әйелдің мәйіті табылды.