Прокурорлық ден қою актілері бойынша сот талқылаулары қатысушыларының бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, елеулі қаржылық шығындардарға жол берілмеді. Атап айтқанда, бұрын сот тарапынан өз мүдделерін қорғау мүмкіндіктері негізсіз шектелген «А» компаниясы — инвестордың құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, салық және мемлекеттік сатып алу даулары бойынша бюджетке 185 млн теңге көлемінде залал келтірілуінің жолын кесті.
Талғар ауданындағы «Кендала» учаскесінде құм-қиыршықтас қоспасын өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану келісімшартының сот арқылы қайта күшіне енуіне жол берілмеді.
Бұдан бөлек, газ тарату желілерін салу барысында заң талаптарын айналып өтіп, мемлекеттік орган мен компания арасындағы мемлекеттік сатып алу шартының заңсыз ұзартылуына тосқауыл қойылды.
— Осы қабылданған шаралар прокуратураның заңдылықты қамтамасыз етудегі бюджет қаражатын, бизнес құқықтарын және өңірдің инвестициялық ахуалын қорғаудағы маңызды рөлін айқындайды, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын прокуратура араласқаннан кейін педагогтерге 7,2 млн теңге төленгенін жазғанбыз.