Алматы облысында республикалық жолдың бір бөлігінде қозғалыс шектеледі
14:49, 15 Желтоқсан 2024
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының Төтенше жағдайлар депараменті ауа-райына байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылатынын хабарлады.
— «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша 15 желтоқсан 17:00-ден бастап жол-метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты «Алма-тау турбазасына кіреберіс» республикалық маңызы бар автожолының 0 км-ден (Бесағаш ауылы) 15 км-ге дейінгі (Табаған ауылы) аралығында жүк көліктері және жеңіл көліктер үшін қозғалыс шектелді, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін көктайғаққа байланысты Теміртау маңында 700-ден астам автокөлік жолда қалып қойғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ Алматы облысында бірнеше автожол көктемге дейін жабылғанын жазғанбыз.